Ақтөбе қаласында өткен “Тәуелсіздік – жыр-əнім” атты Республикалық шығармашылық фестиваліне лицейіміздің оқушылары қатысып, облыс намысын қорғап, жүлдемен оралды. Шағыр Нұрлыбек – “Көркемсөз шебері” атанса, Асылханова Альбина “Дарабоз” атанып, екеуі де 30 000 теңгелік сертификатты қанжығалады. Жүлдегер оқушыларымыз бен жетекшілері Мәншүк Сағидоллақызын жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!!!