15 Қырқ 2020
Материал Городской лицей

Мектеп формасы

Қалалық лицей КММ-нің  ішкі  тәртібінің  үлгі  қағидалары

 

   1.Жалпы  ережелер

 

1.Қалалық  лицейдің  ішкі  тәртібінің  қағидалары (бұдан  әрі- қағида)  «Білім  туралы»  Қазақстан  Республикасының  2007 жылғы  27 шілдедегі  Заңының  47 бабына  сәйкес  және  Қазақстан  Республикасының  Білім  және  ғылым  министрінің  м.а. «Білім  беру  ұйымдарының  ішкі  тәртібінің  қағидасын  бекіту  туралы» 2012 жылғы  6 сәуірдегі №148 бұйрығына  сәйкес  әзірленді  және  білім  беру  ұйымының  ішкі  тәртібінің  қағидасын  әзірлеу  және  бекіту  үшін  негіз  болып  табылады.

2.Білім  беру  ұйымдарының  қызмет  режимын  ескере  отырып (білім  алушылар  мен  тәрбиеленушілердің  тәулік  бойы  болуы, олардың  белгілі  бір  уақытта  ғана  болуы, оқу  сабақтарының  ауысымдылығы  және  білім  беру  ұйымының  өзге де  жұмыс  ерекшелігіне  қарай)  білім  беру  ұйымының  әкімшілігі  педагог  және  өзге де  қызметкерлердің  жұмыс  және  демалыс  уақытының  режимын  белгілейді.

3.Ішкі тәртіпті қамтамасыз  ету  мақсатында  білім  беру  ұйымының  әкімшілігі  білім  беру  ұйымының  қызметкерлерінің, сонымен  қатар  білім  алушылар  мен  тәрбиеленушілердің  білім  беру  саласындағы  Қазақстан  Республикасы  заңнамасымен  және  білім  беру  ұйымының  ішкі  тәртіп  ережесімен  жүктелген  міндеттерді  сақтауын  қамтамасыз  етеді.

 

2. Білім беру ұйымының  ішкі  тәртібі

 

2.1   Оқу  үрдісі

1.Лицейдегі  жұмыс  уақыты:  8:00-дан  20.00-ге  дейін,

Аптасына  ең  көп  сағат  саны:

  • 1 деңгей (7-9 сыныптар) – 36-38 сағат;
  • 2 деңгей (10-11 сыныптар ) – 39 сағат.

2.Оқу жылы сәйкесті  жылдың  1-ші  қыркүйегінде  басталып  келесі  жылдың  25-мамырында  аяқталады.

3.Оқу-тәрбие  процесін  ұйымдастыру  нысана  ұзақтығы  40  минутты  құрайтын  сабақ  болып  табылады.

 

2.2  Тәрбиеленушілер  мен  білім  алушылардың  құқықтары  мен  міндеттері    

1) Білім алушылар:

1) мемлекеттік  жалпы  міндетті  білім  беру  стандарттарына  сәйкес  білім  алуға;

2) мұғалімдер  кеңесінің  шешімімен  жалпы  міндетті  мемлекеттік  білім  беру  стандарттары  шеңберінде  жеке  оқу  жоспарлары, жеделдетілген  білім  беру  бағдарламалары бойынша  оқуға;

3) өзінің  бейімділігі  мен  қажеттеріне  қарай  қосымша  білім  беру  қызметін  пайдалануға  білім  алуға, оқу  жоспарларына  сәйкес  баламалы  курстар  таңдауға;

4) мектеп  өміріне  белсене  қатысуға;

5)мектепке  қайта  қабылдануға  және  оқудың  бір  нысанынан  екіншісіне  ауысуға;

6)Қазақстан  Республикасының  Үкіметі  белгіленген  тәртіппен  білім  беру  ұйымдары  кітапханаларының  ақпараттық  ресурстарын  тегін  пайдалануға, оқулықтармен  тегін  қамтамасыз  етілуге;

7) Қазақстан  Республикасының  Үкіметі  белгіленген  тәртіппен  халықты  жұмыспен  қамту  саласының  жағдайы  туралы  ақпарат  алуға  және  кәсіби- диагностикалық  зерттеуден  өтуге;

8) өз  пікірі  мен  сенімін  еркін  білдіруге;

9)өзінің  адамдық  қадір-қасиетінің  құрметтелуіне;

10) оқудағы  ғылыми  және  шығармашылық  қызметтегі  табыстары  үшін  көтермеленуге;

11) жергілікті  өкілді  органдардың  шешімі  бойынша  қоғамдық  көлікте (таксиден  басқа) жеңілдікпен  жүруге;

12) оқу  үдерісінен  алаңдатылмауға;

13) Қазақстан  Республикасының  Заңдарына  сәйкес  басқа да (білім  алушылардың  жекелеген  санаттары  үшін) жеңілдіктер  алуға;

14) мемлекеттік  жалпы  міндетті  білім  беру  стандарттары  көлемінде  білімді, шеберлік  пен  әдістемелік  дағдырларды  меңгеруге, ішкі  тәртіп  ережелерін  сақтауға;

15) Жарғыда  көзделген, басқа да  міндетті  талаптарды  орындауға, білім  алушылар  оқуға  тырысуға, үлгілі  болуға, қоғам  өміріне  белсенді  қатысуға, мектеп  оқушыларының  ережесін  орындауға  міндетті;

16) өздерінің  денсаулығына  көңіл  бөлуге, рухани  және  дене  бітімін  өздігінен  жетілдіруге  ұмтылуға;

17) мектепке  қабылдау  талаптарына  сәйкес  білім  беру  ұйымдарын  және  білім  алу  нысандарын  таңдауға;

18) мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру  стандарттарына  сәйкес  сапалы  білім  алуға  құқылы.

           

2.3. Тәрбиеленушілер  мен  білім  алушылардың  лицей  формасы         

 

1.Лицейде  білім  алушылар  осы  ереженің  2 қосымшасына  сәйкес  үлгідегі  лицей  формасын  қатаң  сақтауға, ауа-райының  жағдайына  байланысты  санитарлық-гигиеналық  талаптарды  сақтау  үшін  кезек  аяқ-киімін  кию  туралы  талаптарды  орындауға  міндетті.

2.Барлық сырт киім  түрлері, аяқ-киім, бас  киім  түрлері  киім  шешетін  орынға  ілінуі  тиіс.

3.Білім алушылар мен  тәрбиеленушілердің  киімдері  таза, ұқыпты, жинақы, қыз  балалардың  шаштары  ұзын  болған  жағдайда  таза, таралған, өрілген  болуы, ал  қысқа  болғанда  таза  және  жинақы  болуы  тиіс.

4.Ұл балалардың шаштары  таза  және  қысқа  ұқыпты  қиылған  болуы  тиіс.

5.Қыз балалардың жидесінің  кеудесі  жабық, белдемшесі  тізенің  үстінде  немесе  тізеден  2 сантиметр  төмен  болуы  керек.

6.Дене шынықтыру сабағында  спорттық  үлгідегі  киім  кию  керек.

7.Еңбек сабағында оқушылар  арнайы  киімде  болулары  керек: ұлдарда  халат, ал  қыздарда  фартук.

8.Алғашқы әскери дайындық  сабағында  мұғаліммен  келісілген  арнайы  форма  болу  керек;

9.Лицейде білім алушы  қыз  балаларға  сәндік  бұйымдарын  тағуға, түрлі  түсті  бас  киім  түрлерін  киюге  тыйым  салынады.

10.Лицей қабырғасындағы әтір  су  және  иіс  сулар  қолдануға  болмайды.

11.Білім алушылардың ұялы  телефондары  сабақ  уақытында  сөндірілуі болуы  қажет.Тек  қана  сабақ  аяқталған  соң  пайдалануға  болады.

 

2.4. Тәрбиеленушілер  мен  білім  алушылардың  басқа да жағдайлары   

1.Білім алушылар мектеп  мүлкіне  ұқыптылықпен  қарауға  міндетті  және  материалдық  залал  келтірген  жағдайда  Қазақстан  Республикасының  қолданылып  жүрген  заңдарына  сәйкес  толықтай  немесе  өзінің  ата-анасы  мен  өзге де заңды  өкілдерінің  есебінен  жауапкершілікке  тартылады.

2.Туристік  жорықтар, экскурсиялар, спорттық   жарыстар  және  басқа  шаралар  ата-аналар  комитетінің  келісімі  бойынша  мектеп  басшысының  рұқсатымен  сапардың  мақсаты  және  түрі  білім  алушылардың  жасы  қауіпсіздік  ережелерін  сақтау  және  тағы  басқа  жағдайларын  есепке  ала  отырып, тиісті  мұғалімнің  басшылығымен  өткізіледі.

3.Барлық өткізілетін шаралар  мектептегі  оқу-тәрбие  жоспарының  кестесіне  сәйкес  жауапты  мұғалімнің  қатысумен  20:00-ге  дейін  аяқталуы  қажет.

4.Әрбір сынып өз  кезекшілігін  сынып  жетекшісінің  басшылығымен, мектеп  басшысы  бекіткен  кестеге  сай  өткізеді.

5.Кезекші сынып өзінің  кезекшілігі  уақытында  ішкі  тәртіпке, реттілікке, тазалыққа  мектеп  мүлкінің  сақталуына  жауапты  болады.

6.Кезекші  сынып  үзіліс  кезінде  барлық  білім  алушылардың  тәртібіне  бақылау  жасайды.

7.Мектепішілік жиындарда кезекшілікті  жақсы  атқарған  сыныптар, белсенді  қатысушылар  көтермеленеді.

8.Білім  алушыларды  көтермелеу  және  тәртіптік  жазалар  түрлерімектеп  ата-аналар  комитетінің  келісімі  бойынша  сыныптар  жиналысында  жасақталады  және  қабылданады  және  педагогикалық  кеңеспен  бекітіледі.

 

2.5.Тәрбиеленушілер  мен  білім  алушылардың  ата-аналары мен  өзге де  заңды  өкілдерінің  міндеттері 

1.Балалардың  өмір  сүруі  мен  оқуы үшін  салауатты  және  қауіпсіз  жағдайлар  жасауға, олардың  интеллектуалдық  және  дене  күшін  дамытуын, адамгершілік  жағынан  қалыптасуын  қамтамасыз  етуге;

2.Мектеп  және  лицей  әкімшілігімен  ынтымақтастық  қарым-қатынас  жасауға;

3.Балаларының  лицейдің  ішкі  ережелерін  орындауына, лицейде  лицей  формасын  сақтап  келуін  қамтамасыз  етуге  міндетті.

 

2.6. Тәрбиеленушілер  мен  білім  алушылардың  жауапкершілігі

1.Білім алушылар  осы  ережеде, жарғыда  және  Қазақстан  Республикасының  заңнамаларындағы  міндеттерін  орындамағаны  үшін  оларға  қолданыстағы  заң  талаптарына  сәйкес  тәртіптік ықпал  ету  шаралары  қолданылуы  мүмкін.

 

Қыз  балалар  үшін  келесідей  мектеп  формасы  бекітіледі:

1.Көк  түсті  пиджак  лицей  эмблемасымен  бірге;

2.Қара түсті  тізенің  үстінде  немесе  тізеден  2 сантиметр  төмен  белдемше;

3.Ыңғайлы және  төмен  аяқ-киім;

4.Бас киім, түрлі  орамалдар  тағуға  тиым  салынады;

5.Биік өкшелі  аяқ  киім  киюге, ұзын  сырғалар  тағуға, қара  көзілдірік  тағуға, шаш    жіберуге, бет, тырнақ  бояуға  тиым  салынады.

 

Ер  балалар  үшін  келесідей  мектеп  формасы  бекітіледі:

1.Ақ  көйлек, көк  пиджак;

2.Қара  түсті  классикалық  үлгідегі  шалбар;

3.Қара  түсті  аяқ-киім;

4.Қысқа балақ  шалбар  киюге, бас  киім  киюге, қара  көзілдірік  тағуға  тиым  салынады;

5.Спорттық және  АӘД  киімдерін  тек  сабақ  уақытында  кию  қажет.