15 Қырқ 2020
Жаңалықтар

«Үздік педагог» республикалық конкурс жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі

Үстіміздегі жылғы 2 қазан күні Мұғалімдер күніне арналған салтанатты іс-шара өтеді. Ұстаздарды кәсіби мерекелерімен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрі Ерлан Сағадиев құттықтайды. Аталған мерекелік іс-шара аясында «Үздік педагог» республикалық конкурсының жеңімпаздары марапатталады.

Елімізде қазанның алғашқы жексенбісі – Мұғалімдер күні. Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, адамгершілік рухта тәлім-тәрбие беріп, жақсы қасиеттерді бойына дарытуда ұстаздың еңбегі зор. Міне, сондықтан да елімізде ұстаздар күні қарсаңында мұғалімдерге құрмет көрсетіп, үздіктерін марапаттау дәстүрге айналған. Биыл да жер-жерде арнайы шаралар ұйымдастырылып, ұстаздар қауымы қошеметке бөленуде.

«Мұғалім  мамандығы – барлық  мамандықтың  анасы»  демекші, ұстаз  алдынан  тәрбие  алмайтын  жан  жоқ. Ұстаз  берген  тәрбие  әрбір  жанның  өміріне  жол  сілтер  шамшырақ  секілдіҒылым  иесі  ғалым  да,  ел  қорғаған  батыр  да, тілінен  бал  тамған ақын  да ұстаздан  білім,  тәлім  алған. Сондықтан ұлағатты  ұстаздарға  бүкіл  адам баласы  құрметпен  бас  иеді.

 

Салтанатты іс-шараның өтетін орны мен күні: Астана қ., Экспо территориясы аумағындағы «Энергия холлы», 2018 жылғы 2 қазан, сағат 15.00.

Журналистерді аккредиттеу үшін: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс., 74-24-14, Арман 87027259713, Перизат 87787008493.

ҚР БҒМ баспасөз қызм