16 Қырқ 2020
Қамқоршылық кеңес

Хаттама №1

«Қалалық білім бөлімі» мемлекеттік  мекемесінің  «қалалық  лицейі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қамқоршылық кеңесінің жұмысын ұйымдастыру және кеңестің құрамын сайлау, жұмыс жоспарын бекіту туралы отырыстың

Хаттамасы №1

 

                                      Атырау  қаласы                                                             «03» наурыз 2018 жыл

 

Қатысқандар:   Лицей әкімшілігі құрамы, лицей ұстаздары, ата-аналар

Күн тәртібінде қаралатын мәселе:

  1. Қамқоршылық кеңесін құру.
  2. Қамқоршылық кеңесінің құрамын сайлау.
  3. Қамқоршылық кеңесінің жұмыс жоспарын бекіту.

Тыңдалды:

1.Ермеков Б.Қ.-лицей директоры:  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 –ші бұйрығын басшылыққа ала отырып,лицейде 2017-2018 оқу жылынан бастап Қамқоршылық кеңесі құрылып,кеңес мүшелері сайланып және кеңестің жұмыс жоспары бекітілуі керектігі жөнінде айтып өтті.

  1. Қабдолова Б.Е –директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Күн тәртібіндегі 2-мәселе бойынша  Қамқоршылық кеңес құрамына кімдер ену керектігіне, олардың функционалдық міндеттеріне тоқталып өтті. Жиналысқа қатысушылардың ортақ ұсынысымен төмендегі тұлғалар Қамқоршылық кеңестің мүшесі болуға ұсынылды және келісім бойынша Сұлтанова Л.К. лицей бойынша қамқоршылық кеңесінің төрайымы болуға, Тілеспаева С. хатшы болуға  ұсынылды.

1.Сұлтанова Л.Қ. – лицей бойынша ата-аналар комитетінің төрайымы , ҚК төрайымы (келісім бойынша)

  1. Қойшығұлова Л. Е –7 сынып ата-аналар комитетінің төрайымы ,мүше (келісім бойынша)

3.Мұқышова Н.А – 8 сынып ата-аналар комитетінің төрайымы ,мүше (келісім бойынша)

4.Пеева М. – 9 сынып ата-аналар комитетінің төрайымы , мүше (келісім бойынша)

5.Хожакова Н. – 10 сынып ата-аналар комитетінің төрайымы,мүше (келісім бойынша)

  1. Ниеткалиева Қ – 11 сынып ата-аналар комитетінің төрайымы, мүше (келісім бойынша)
  2. Жанайсов Е.Т. – әкелер кеңесінің төрағасы,мүше (келісім бойынша)
  3. Тілеспаева С.- аналар кеңесінің төрайымы,мүше (келісім бойынша)
  4. Көшергалиева М. – ата –ана, мүше (келісім бойынша)

Сөйлеушілер:

  1. Сұлтанова Л.Қ. – Күн тәртібіндегі қаралып отырған 2-мәселе бойынша келісе отырып, 3-мәселе бойынша ата-аналар атынан құрылып отырған кеңестің және осы аталған кеңес құрамымен, жұмыс жоспарын қолдаймыз.

4.Тілеспаева С. –  Құрылған кеңес жұмысының жоспарын қолдай отырып, алдағы уақытта лицей білім алушыларына қолдау көрсету мақсатында жұмысты атқаруға келісеміз.

Күн тәртібіндегі  мәселелер   талқылана   келіп , төмендегідей

Қаулы етеді:

. 1.   Қамқоршылық кеңестің ережесіне сәйкес  қалалық  лицейде құрылған кеңес жұмысының жүргізілуі  Л.К. Сұлтановаға  жүктелсін.

  1. Қамқоршылық кеңес құрамына сайланған тұлғаларға  өз жұмысына жауапкершілікпен қарау міндеттелісн.

 

Жиналыс төрайымы:                                                                       Сұлтанова Л.Қ.

Хатшы:                                                                                             Тілеспаева С.