27 Сәу 2021
Жаңалықтар

АТЫРАУЛЫҚ ОҚУШЫЛАР ОЮЛАНҒАН КЕБЕЖЕ МЕН САНДЫҚТАР ЖАСАУДА

АТЫРАУЛЫҚ ОҚУШЫЛАР ОЮЛАНҒАН КЕБЕЖЕ МЕН САНДЫҚТАР ЖАСАУДА

Атыраудағы IT мектеп-лицейінің оқушылары ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Дәстүр мен ғұрып» жобасы аясында қолөнер бұйымдарын жасап шығарды, деп хабарлайды Атырау облысы Білім беру басқармасының баспасөз қызметі.

Өнерлі оқушылар бұйымдарды ағаштан жонып жасап отыр.

Қалалық IT мектеп-лицейінің технология пәнінің мұғалімі, жетекшісі Мирамбек Есенғазиевтың айтуынша, қолөнермен олар бос уақыттарында айналысады. Жас шеберлердің қолынан шыққан оюлы ожаулар, тұмарлар мен сандықшалар – республикалық байқаулардың бірнеше мәрте бас жүлдесін алған.